• Ресми сайт "Алматыкітап баспасы"
На первой встрече в Книжном клубе
КАТЕГОРИИ
Жаңа қазақстандық мектеп жасындағы балаларға арналған  фэнтези роман «Амина Туран в стране номадов» кітабының таныстырылымы. Оқырмандар кітаптың авторы ЗәуреТөреханова және белгілі қазақстандықсуретші, кітап иллюстрациясының авторы Нұрлан Әбішевпен кездесті. 

Таныстырылымда "Амина Туран в стране номадов" кітабының авторы атап өткендей, «бұл көшпенділердің сиқырлы әлемінде он екі жасар оқушы қыздың басынан кешкен романдар сериясының  бірінші кітабы». Роман қазақтың этнографиясы, мәдениеті мен салт-дәстүріне негізделген, сонымен бірге заманауи қарқынды сюжетке, жарқын да есте қаларлық кейіпкерлерге құрылған.  Роман оқиғасы Ұлы Жібек жолы бойындағы орналасқан қалалар мен Ұлы дала өңірінде, түркі-қазақ мифологиялық тіршілік иелерінің қатысуымен өтіп жатады.

«Бұл менің балаларға арнап  фэнтези жанрында жазған тұңғыш романым. Алтартымды да әдемі иллюстрацияларды белгілі  қазақстандық суретші-иллюстратор Нұрлан Әбішев жасап шықты. Бақытты кездейсоқтыққа қараңызшы, Нұрлан ағаның үлкен қызының аты да Әмина екен, жасы да менің кейіпкерім сияқты – 12-де. «Алматыкітап» баспасы» Нұрлан ағаны кітапқа суретші етіп тағайындағанда,ол кісі қолжазбаны оқып, иллюстрацияларды жасаған кезде қызы Әмина әкесіне жүріс-тұрысымен, ақыл-кеңесімен қатты көмектесіпті. Сәттілік деген осындай-ақ болар!» –деді Зәуре Төреханова.

Таныстырылымға жазушылар: Нұрдәулет Ақыш, Адам Қапанов және Орынбай Жанайдаров, сондай-ақ бірқатаржас авторлар қатысты. Кездесу модераторы міндетін «Алматыкітап» баспасы» бас редакторының орынбасары Альмира Сужикова атқарды.

«Алматыкітап» баспасының» Кітап клубы жыл он екі ай жұмыс жасайды. Әр ай сайын оқырмандардың басын қосып, ең қызықты кітап туралы сұхбат өткізіп тұрады.  Біз авторлықұжымдармен кездесу ұйымдастырып, оқырмандар сұрақтарына жауап іздейміз.

Кітап клубындағы кездесулердің бірінде біз оқушыларға кітаптың өмірге қалай келетіні, кітаптың шығу тарихы, сондай-ақ кітап оқу магиясы және кітаптың жасалу жолындағы атқарылатын еңбек туралы әңгімелеп береміз.   

Анықтамалық ақпарат:

ЗәуреТөреханова  Қазақстанда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және Бизнес факультетін 2006 жылы  бакалавриат бойынша, 2008 жылы магистратурасын тамамдады.

«Алтын қалам – 2014» Ұлттық байқауының, Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы – 2017» сыйлығының жеңімпазы.   Жас қаламгердің Алматы қаласының 1000 жылдығына арнап жазған «Біздің сүйікті қаламыз – Алматы» кітабы 2016 жылы «Алматыкітап» баспасынан  жарық көрді. Ізін суытпай, келесі жылы Астана қаласының 20 жылдығына арнап «Ел жүрегі – ажарлы қала Астана»деректі повесін тарту етті. Кітаптарының жалпы таралымы 16 000 данадан асты.

«Алматыкiтап» баспасы»  Зәуремен ынтымақтаса еңбек етіп, оның тұңғыш  фэнтези романы "Амина Туран в стране номадов" кітабын басып шығару құқығын иеленді.  Кітап  2018 жылдың тамыз айында жарық көрді.

2016 жылы «Алматыкiтап баспасының» тапсырысымен Зәуренің Алматы қаласының 1000 жылдығына арнап жазған «Біздің сүйікті қаламыз – Алматы» кітабы жарық көрді. Бұл кітапEurasian Book Fest халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде "2016 жылдың ең үздік өлкетану басылымы" Дипломымен марапатталды. 2017 жылы«Алматыкiтап» баспасының» және Астанақаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен Зәуре Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі – ажарлы қала Астана»деректі повесін тарту етті. Кітап үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Eurasian Book Fest халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіндекітап Ең үздік дизайн Дипломымен марапатталды. Осы жылы Зәуренің "Көзге көрінбейтін көршілер" повесі "Жылдың ең үздік балалар әдебиеті" номинациясы бойынша Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы Қоры мен Қазақстан Жазушылар одағының  "Алтын Тобылғы" әдеби сыйлығыниеленді.

Нұрлан Әбішев  1975 ж. Қазақстанда Алматы қаласында  дүниеге келген. О. Таңсықбаев атындағы Алматы көркемсурет училищесін  «безендіруші суретші» және Жүргеноватындағы Қазақ Өнер Академиясын «интерьер дизайны» мамандығы бойынша оқып бітірген.

Нұрлан Әбішев қазақстандық кескіндемеші суретші, Қазақстан мен АҚШ-тағы көптеген көрмелерге қатысушы, кино суретшісі ретінде Қазақстанда, Ресейде өткен фестивальдарда түрлі марапаттар алған, график, иллюстратор, сондай-ақ бірнеше қайталанбас сәулеттік туындылардың авторы.Олшығармашылығын бірнеше бағытта дамытып, өзінің кескіндемелік, графикалықжұмыстарында дәстүрлі қазақ образдарын жасады, сонымен қатар «Тобизм» деген атпен абстрактілік кескіндемеде өзінің авторлық стилін жасаған. 

Қазақстанда Нұрлан Әбішев пейзажшы ретінде көбірек танымал - «Алматы қаласының пейзажын жырлаушы», қалалық жердің поэзиясын жеткізуші,  сондай-ақ кино суретшісі, «Нью-Йорк Реализм» заманауи өнер галереясында халықаралық  SPRING IN FULL COLOR көрмесіне қатысып (Нью-Йорк, АҚШ, 2011 ж.), бірден екі: алтын және күміс жүлделерге ие болған. 

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий

wrBEIRqX | Добавлено: 6 шілде 2020 13:51

555

Ответить

wrBEIRqX | Добавлено: 6 шілде 2020 13:51

555

Ответить

wrBEIRqX | Добавлено: 6 шілде 2020 13:51

555

Ответить

wrBEIRqX | Добавлено: 6 шілде 2020 13:51

555

Ответить

wrBEIRqX | Добавлено: 6 шілде 2020 13:51

555

Ответить

wrBEIRqX | Добавлено: 6 шілде 2020 13:52

555

Ответить

wrBEIRqX | Добавлено: 6 шілде 2020 13:52

555

Ответить

wrBEIRqX | Добавлено: 6 шілде 2020 13:52

555

Ответить

wrBEIRqX | Добавлено: 6 шілде 2020 13:52

555

Ответить