• Ресми сайт "Алматыкітап баспасы"
Компания туралы
КАТЕГОРИИ

"Алматыкітап баспасы" - еліміздің мектеп оқушылары үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде цифрлық оқулықтар шығарған Қазақстан Республикасындағы алғашқы баспа компаниясы.

"Алматыкітап баспасы" баспа қызметімен 1999 жылдан бері айналысады, республикада және шетелде кеңінен танымал ірі баспалардың бірі. ҚР кітап саудасы кәсіпорындарының арасында көшбасшыларының үштігіне кіреді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен мектепте оқытуға арналған оқулықтарды шығару "Алматыкітап баспасы" компаниясының  бір маңызды бағыты болып табылады.

Баспа Қазақстанда алғаш рет бастауыш мектепке арналған балама оқулықтар әзірлеп, шығарды.

Отандастарымыздың туған өлке тарихына деген қызығушылығының артуы, шетелдіктердің біздің еліміздің өткені мен бүгінін білуге деген ұмтылысы, Қазақстанда және шетелде танымал болуы, үш тілде - қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде көркем, танымдық және дамытушы әдебиеттерді шығаруына ықпал етті: бұл "Менің Қазақстаным" сериясының кітаптары - қазақ халқының батырлық эпосы, дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тұрмысы, мәдениеті мен қолөнеріі, Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы кітаптар.

Отандық тәжірибеде алғаш рет Британдық баспагерлермен бірлесіп үш тілде кітаптар шығарылды.

"Алматыкітап баспасы" аймақтық және халықаралық кітап өнімдерінің көрме-жәрмеңкелерінің белсенді қатысушысы.

 Осы жәрмеңкелердің көрнекі нәтижелерінің бірі мәдени және іскерлік байланыстарды кеңейту болды, тәжірибе алмасу жанданды, кітап өндірісіне, полиграфия мен кітап саудасына жаңа технологияларды енгізу неғұрлым тиімді болды, өзара түсіністік негізінде жақын және алыс шетелдердің бірқатар елдерінде ұлттық кітап өнімдерін танымал ету күшейе түсті.