• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
AR+/ QR
КАТЕГОРИИ

Біз оқулықтарымызға кеңейтілген шынайылық технологиясының белгішелері (AR) мен QR-кодтар орналастырдық.
Бұл оқушыларға өтетін тақырып бойынша анимациялық үшөлшемді суреттер көруге және бейнероликтер тамашалауға мүмкіндік береді.
 ОҚУЛЫҚҚА АРНАЛҒАН AR МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫН ОРНАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

  1. Мобильді құрылғыңыздан Google Play Market-ті ашыңыз.
  2. Іздеу жолағына AR және сынып көрсетілген оқулықтың атауын теріңіз. Мысалы, «Цифрлық сауаттылық AR 1-сынып»
  3. «Орнату» түймесін басыңыз. 
  4. Қосымшаны ашыңыз.
  5. Телефон камерасын оқулықтағы белгіге дәлдеп келтіріңіз де, кеңейтілген шынайылық нысанын қараңыз.

  ОҚУЛЫҚҚА QR-КОДТЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

  1. Смартфон немесе планшетіңіздің камерасын QR-кодқа бағыттаңыз.
  2. Сілтеме пайда болғанша күтіңіз.
  3. Керекті ресурсқа өту үшін «ОК»-ді басыңыз.

  Егер сіздің құрылғыңыз QR-кодты анықтай алмаса, онда QR-кодты оқуға арналған кез келген қосымшаны жүктеп алыңыз. Мысалы, QR Code Reader-ден немесе Google Play Market және AppStore қосымшалар дүкенінен.