• Ресми сайт "Алматыкітап баспасы"
Басшылық
КАТЕГОРИИ

Баталова Элеонора Нығметқызы

 «Алматыкітап» баспасы» ЖШС Директорлар Кеңесінің төрайымы – Баталова Элеонора Нығметқызы–жоғары білімді,өмірінің 30-дан астам жылын еліміздің кітап шығару және кітап тарату саласына арнаған басшы.

10 жыл бойы Қазақстан баспагерлері мен кітап таратушылар  Ассоциациясын басқарып келді, қазір оның құрметті  президенті, "Ұлы Жібек жолымен" деп аталатын Бірінші Халықаралық кітап және  полиграфиялық өнімдер жәрмеңкесін ұйымдастырушы.

2009 жылы Баспа және кітап өнімдерін тарату саласындағы ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді.

Еңбегі бұдан басқа да отандық және шетелдік марапаттар, төсбелгілер, дипломдар, шендермен бағаланды, атап айтсақ:

«Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісі;

– Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері»құрмет белгісі;

– ҚР Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастыру комитетінің Отан алдындағы мемлекеттік құрылым, экономиканы дамыту және халықаралық беделін арттыру барысындағы ерен еңбегі үшін – «Қазақстан даңқы» ордені;

– Кәсіпорынның нәтижелі қызметінің көпшілікке  танылуы оның шығаратын өнімінің ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие болуына байланысты – Франция кәсіпорны Ассоциациясының (SPI) Құрмет белгісіжәне  Наполеон алтын медалі;

– Экономика саласындағы халықаралық өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудағы қосқан үлесі үшін –  «Халықтар достығы» (Штутгарт, Германия) ордені.

Қазақстан Журналистер академиясыныңбаспа жұмысын дамытудағы қосқан зор үлесі және жоғары кәсіптік, полиграфиялық деңгейдегі сапалы оқу әдебиетін шығарудағы еңбегі үшін –  Құрмет дипломы.

«Аруана» қоғамдық әйелдер клубының төрайымы.

–Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы ірі баспалардың бірі–«Алматыкiтап» баспасы» Директорлар Кеңесінің төрайымы.
 
«Алматыкiтап» баспасы» компаниясы Баталова Э.Н. басшылығымен 1999 жылдан бастап баспа ісімен айналысып келді және еліміздегі баспа  бизнесінің озық үштігі қатарына қосылды. Баспаның спецификасыкөркем кітаптар мен альбомдарды қазақстандық материалдармен жасап шығаруға, біздің еліміздің оқырмандарына бейімделген, қайталанбас ұлттық колоритке бай болып келеді.

Баталова Элеонора Нығметқызы «Менің Қазақстаным» кітаптар сериясын жасау жобасының басшысы болды, қазіргі кездежоба бойыншақазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті мен тұрмысы, табиғаты, батырлық және лирикалық эпостары, тарихи тұлғалар туралы туындылардан 60 аталым жарық көрді. Сондай-ақ компанияның баспа ісінің бір бағыты – мектепке дейінгі тәрбие және мектептебалаларға білім беруге арналған  әдебиеттер шығару болып табылады.