• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
«TOPIQ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
КАТЕГОРИИ
Фильтр по цене

Ағымдағы жылдың 9 қараша күні «Алматыкітап баспасы» Директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Баталованың басшылығындағы бір топ қызметкер Көкшетау қаласына барды. Жоспарланған жұмыс - жергілікті БАҚ өкілдері мен Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің қызметкерлерің, Ж. Мусин атындағы колледжінің студенттерін,  мұғалімдер мен ата-аналарды отандық алғашқы электрондық оқулықтар платформасы - topiq.kz  таныстыру.

        «Болашақ сарайында» өткен шараға педагогика мамандығы бойынша білім алатын студенттер, мұғалімдер, мектеп директорлары, ата-аналары және БАҚ өкілдері қатысты.

 

        «Алматыкітап» баспасының директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Баталованың айтуынша, электронды оқулықтар ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен талаптарға сай келеді.

 

Баспа нұсқаларының негізінде оқулық авторлары оларды фото, видео, аудио және қызықты интерактивті тапсырмалар сияқты мультимедиалық материалдармен толықтырып отыр.

         Электрондық оқулықтар әр түрлі аймақтардағы балаларға жақсы білім алу мүмкіндігін теңестіреді. Сондықтан «Алматыкітап баспасы» Қазақстандағы ең тәжірибелі баспалардың бірі ретінде мектепке арналған оқулықтарды цифрлауды бірінші болып қолға алды.

 

         Бүгінгі таңда платформада үш баспадан 1-11 сыныптар аралығында 65 оқулық бар. Электрондық оқулықтары бар Платформа «Күнделік» интеграциясына ие, яғни мұғалім осы ұлттық журналдар мен күнделіктер платформасы арқылы тапсырмалар бере алады. Сондай-ақ, мұғалімдер электрондық оқулықтардағы балалардың сабақтары үшін бағаларды бірден «Күнделік» бағдарламасына қоя алады», - дейді Элеонора Баталова.

 

 

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий