РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «LEADER TOPIQ-2024» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ.
Алматы қаласы, Абай атындағы Кітап үйінде «LEADER TOPIQ-2024» байқауының ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында байқаудың Алматы қаласының былтырғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып, аймақтағы қатысушылар өз пікірлерін білдірді. Кеш қонақтарының ішінде белгілі журналистер, ғалымдар мен ұстаздар және ҚР Ғылым академиясының вице-президенті, белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері – Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев та болды. Қонақтар баспа мамандарымен өзара ашық сұқбаттасып, пікір алмасты.
Естеріңізге сала кетейік, «LEADER TOPIQ-2024» байқауы осымен дәстүрлі түрде төртінші рет ұйымдастырылып отыр.