• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
АСТАНА ҚАЛАСЫНДА АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫНЫҢ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ КІТАП ҮЙІ АШЫЛДЫ!
КАТЕГОРИИ
Фильтр по цене

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫНЫҢ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ КІТАП ҮЙІ АШЫЛДЫ!

Кітап тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру, елдегі кітап тарату мәдениетін дамыту, рухани және мәдени құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Астана қаласының сол жағалауында, «Ақ мешіт» пен «EXPO» кешенінің ортасында «Алматыкітап баспасының» Ыбырай Алтынсарин атындағы Кітап үйі салынды.
«Алматыкітап баспасы» директорлар кеңесінің төрайымы Э.Н. Баталованың тікелей ұсынысымен іргесі қаланған Ыбырай атындағы Кітап үйі – заманауи кітап дүкені ғана емес, жаңа кітаптардың тұсаукесері, қаламгерлермен кездесу, балаларға арналған шеберлік сабақтар мен түрлі мәдени-ағартушылық, ғылыми- танымдық іс-шаралар өткізілетін әдеби салон. Жаңа Кітап үйі көптеген мемлекеттерге көз тартар көркемдігі мен ерекше дизайны арқылы танымал болған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы конкурсында «Үздік кітап дүкені» атағын иелегенген Алматы қаласындағы Абай атындағы Кітап үйінің тағы бір ерекше нұсқасы болмақ. 

Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімі аппараты мен Оқу-ағарту министрлігінің лауазымды тұлғалары, жазушылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. 

Елордалық оқырмандарымызды Кітап үйінің тұрақты қонағы болуға шақырамыз. Сіздерді Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі 38/2 мекен-жайы бойынша күтеміз.

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий