• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
«Алматыкітап баспасы»  «Алматы кітап жәрмеңкесіне» қатысты.
КАТЕГОРИИ
Фильтр по цене

 

 

«Алматыкітап баспасы»  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ұйымдастырған кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысты.

«Алматы кітап жәрмеңкесі» – тұңғыш рет өткелі отырған ауқымды мәдени іс-шара.

Бүгінгі таңда еліміздің баспа ісі саласы қарқынды түрде дамып келеді. Жәрмеңке аясында соны бағытта, жаңа технологиялармен шыққан кітаптардың таныстырылымы өтіп, авторлар, баспагерлер бас қосты. Саладағы күн тәртібінде тұрған мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге көрші елдердегі белсенді баспа мекемелері қатысты.

Жәрмеңкеге саны елуден аса баспа мекемелері, кітап дүкендері қатысты.

Өз кезегінде «Алматыкітап баспасы» ҚР мәдениет және спорт министрі – Дәурен Абаев пен Алматы қаласы әкіміне «TopIQ.kz» электронды оқулықтар платформасын таныстырды.

Жәрмеңке аясында кітап тұсаукесерлері, кітап керуені (түйелі керуен шеруі), шеберлік сағаттар және интеллектуалдық ойындар өтті.

 

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий