• Официальный сайт издательства "Алматыкітап баспасы"
10 тамыз - АБАЙ КҮНІ!
КАТЕГОРИИ
Фильтр по цене

Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының  178 жылдық мерейтойы құтты болсын!
Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.
Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.

Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді. 

Ұлы тұлғаға тағзым жасау мақсатында 
«Алматыкітап» баспасы «Мәңгілік тұлға – Ұлы Абай» мен Абайдың «Қара сөздерін» басып шығарды. «Мәңгілік тұлға – Ұлы Абай» кітабы бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанып та үлгерді. 

Мұхтар Әуезов Абайдың қара сөздері 1890 жыл мен 1898 жыл аралығында жазылған деп көрсетеді. Қара сөздердің жалпы саны қырық алты бөлікті. Оның алты-жетісі қысқа үлгіде 16, 18, 19, 20, 24, 31, 45 сөздері. 46 сөз болса, жалпы мамұн, тақырып жағынан өзгерек. Тарихты мақала, очерк тәрізді. Абайдың қара сөздері сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілік, мораль мәселеріне арналған өсиет, толғау сынды. Сонысымен ерекше.
Қара сөздерде өмір философиясы, қазақ әдебиетінде ежелден келе жатқан сарын - не жақсы, не жаманның жайы жөнінде жазылған. Абайдың қара сөздерін оқып, бойына сіңірген жан - кемел тұлғалардың бірі болып қалыптасады десе де болады.
Ендеше, ұлттың ұйытқысы болған дана Абайдың туған күні құтты болсын, құрметті оқырман!

Смотреть все новости

Комментарии

Оставить комментарий